Социалисттік еңбек қаһарманы, ҰОС қатысушы  Хайрулла Бахтыбаевты 93 жасымен құттықтау

Бахтыбаев Хайрулла

Өскемен қаласы бойынша Бүгінгі күнгежалғыз Социалисттік Еңбек қаһарманы, Ұлы Отан соғысына қатысушы Хайрулла Бахтыбаевты 2018 жылдың 19 қаңтарында ШҚО ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Г.Б. Кусанова, Соғыс және еңбек ардагерлерінің Өскемен қалалық кеңесі төрағасының орынбасары С.А. Ақанов, «Жаппай спортты дамыту орталығы» № 8 филиалының директоры О.В. Салимбаева туған күнімен құттықтады.
Бахтыбаев Хайрулла 1925 жылы 20 қаңтарда Тарбағатай ауданының Покровка ауылында дүниеге келді, 1942 жылы әскерге шақырылып, Ташкент қаалсына кіші командирлерді дайындау бойынша пехота училищесіне жолданды.
1943 жылы оқудан кейін 187-ші пехота дивизиясының құрамында Киев, Житомир, Кменецк-Подольский қалаларын босату үшін ұрыстарға, Львов қаласына 1-ші Украина фронтының құрамына жолдауға қатысты. 3-ші Украина фронтына гвардия минометтік бригада құрамында Румыния, Венгрия, Австрия басқыншыларды босатуға қатысты.
1947 жылы әскерден босатылып, Одесса қаласына металлургия зауытына жіберілді.
1950 жылы Өскемен қаласының қорғасын-мырыш комбинатына жұмысқа қабылданды, онда 1975 жылы зейнетке шыққанға дейін істеді.
Түсті металлургияны дамытуда жеткен жетістіктері үшін Хайрулла Бахтыбаев КСРО Жоғары Кеңес президиумының 1971 жылғы 30 наурыздағы жарғысымен Ленин орденін және «Серп и Молот» алтын медалін табыстаумен Социалисттік Еңбек қаһарманы атағы берілді.
Красная звезда, 2 дәрежелі Отан соғысы ордендерімен марапатталды, КСРО Жоғары Бас қолбасшыдан 8 жазбаша алғысы бар. Бейбіт уақытындағы еңбек қызметі үшін Ленин және Алтын жұлдыз,  Социалисттік Еңбек қаһарманы ордендерімен, еңбек Қызыл Даңқ орденімен және Құрмет орденімен марапатталды.
Хайрулла Бахтыбаев Шығыс Қазақстан облысының құрметті азаматы.

  • Бахтыбаев Хайрулла
  • Бахтыбаев Хайрулла