Тыл ардагерлері
Анна Николаевна Токарева
(1923  ж.)
Токарева  Анна Николаевна — Социалистік Еңбек Қайраткері, тыл еңбеккері. 
1923 жылдың 09 ақпанында  Лениногорск қаласының жұмыскерлер отбасында дүниеге келген. Еңбек қызметін 1940  жылы қалалық кәсіпорында бастайды. 1942 жылы 20 жасар қыз Лениногорск  полиметалл комбинатының кен байыту фабрикасына келеді. Онда реагент дозираовщик,  флотатор, аға флотатор қызметтерін атқарды. 1946 жылы қажырлы және мінсіз  еңбегі үшін «1941-1945 жж. «Ұлы Отан соғысында қажырлы еңбегі үшін» медальмен  марапатталды. 
  Соғыстан  кейінгі жылдары Анна Николаевна флотацияның ұжымдық сызбасының жаңа әдісін игерді.Ұзақ  жылдар бойы қажырлы еңбек еткені үшін «Еңбек ерені үшін» (1949ж.), «Қажырлы  еңбегі үшін» (1955ж.) медалбдарымен, «СССР түсті метллургия жарысының  социалистік үздігі» (1957ж.) белгісімен марапатталды. 
  1964  жылы Анна Николаевна өндіріске қорғасын – темір құрамын бөлудің  бесцианиттік  тәсілін енгізуге қатысқан.  Бұл тәсіл кеннен қорғасын, темір және мырышты шығаруға көп үлесін қосты. Жаңа  прогрессивтік технология жылына 600 мың рубльді үнемдеуге әсерін тигізді. 
  1966  жылдың 20 мамырында СССР Жоғарғы Кеңес Президиумының Жарғысымен А.Н. Токареваға  Ленин ордені және «Серп и Молот» Алтын медалімен марапатталып, Социалистік  Еңбек Қайраткері атағы берілді. 1967 жылы Қазақ ССР Жоғарғы Кеңес депутаттығына  сайланды. 
  1969  жылы Анна Николаевна Токарева Лениногорск полиметалл комбинаты атынан Мәскеуде  өткен бүкілодақтық түсті металлургия жұмыскерлерінің жиналысына қатысты. 
  А.Н. Токареваның еске түсіргені:
  «Онда мен ойда жоқта фабриканың бұрынғы директоры  Н.И. Бурцевпен кездестірдім. Екеміз бір бірімізді көріп мәре – сәре болып  қалдық! Біз профессор Митрофановтың  кен  байыту жөніндегі баяндамасын тыңдадық. 
  Жиналыс  Кремольский Съездер сарайында өтті. Мені мемлекетіміздің басшылары Л.И.  Брежнев, А.Н. Косыгин отырған орынға құрметті қонақтар арасына отырғызды. 
  Абырой  мен сенім әр қайсымызға жүктелді. Съездер Сарайының трубинасында өз жұмысыңның  сөзін айту керек болды. 
  Мен  біздің өлкеміздің жетістіктерін айттым. Ал жетістіктер аз болған жоқ. Шығыс  Қазақстан – елімізге түсті металл берудің негізгі жеткізушісі. Өскемен алтын  мырыштарынан таза. Біздің өнімді 22 елге жібереді. Бірақ ең басты байлығымыз –  ол біздің халқымыз»
  Анна  Николаевна Токарева кен байыту фабрикасында жұмыс атқарған уақытында 30 адамға  флотатро мамандығын үйреткен, Лениногор қаласының құрметті азаматы, Кеңестік  мәндегі персоналдық зейнеткер.

Шығыс Қазақстан облысы мемлекеттік мұрағатының Риддер филиалы, 261қ., 1т., 11і., 1б.; 53қ., 1т.,101і., 6б.;.102і., 1б.; 103і., 2-3бб., 7, 10-14; «Лениногорская правда» газетінің 1966 жылғы 26 мамырдағы, № 63 басылымы.


      
 






