Ұлы Жеңіске – 80 жыл

Ардагерлер сайысы

Шығыс Қазақстан облыстық ардагерлер кеңесі 15 сәуір күні тоғызқұмалақ ұлттық ойынынан Ұлы Жеңістің 80 жылдығы құрметіне арналған жарыс өткізді. Бұл сайыс облыс ардагерлер ұйымдарының жұмыстарын қолдауға және олардың белсенділіктерін арттыра түсуге бағытталған шаралар кешенінің бір бөлігі болып табылады.

Жарыстың мақсаты – ұлттық тоғызқұмалақ ойынын дамыту мен оның танымалдылығын арттыру, егде адамдар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, олардың спорттағы, қоғамдық өмірдегі белсенділіктерін ынталандыру, сондай-ақ ардагерлер арасындағы өзара байланысты нығайту.

Сайысқа қатысқандар өздерінің жоғары деңгейдегі дайындықтарын, стратегиялық ойлау қабілеттері мен дәстүрге деген адалдығын паш ете білді. Шара аға буын өкілдерінің өзара ынтымағына ықпал ететіндей тату әрі достық жағдайда өтті.

Тартысты өткен сайыстың қорытындысында 1 орынды өскемендік А.Боқасов жеңіп алса, 2 орынға риддерлік М.Пархоменко көтерілді. Ал екі 3 орынды Ұлан ауданының өкілдері Б.Ақылбаев пен Д.Гарифуллин иеленді.  Жеңімпаздар дипломдармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды. Қатысушылардың барлығына сертификаттар тапсырылды.