Тыл еңбеккері Ф.Е.Жақсылықовтың құттықтауы Ұлы Жеңіс күнімен
Ұлы Жеңістің 80 жылдығын мерекелеу қарсаңында Шығыс Қазақстан облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы А.С. Шерубаев, Самар ауданы ардагерлер кеңесінің төрағасы Н.Н. Исенов, «ЖПБ-14» ЖШС бас директоры А.И. Федосов тыл еңбеккері Фрунзе Елғазыұлы Жақсылықовты мерекемен құттықтады.
Ф. Е. Жақсылықов 1931 жылы 23 қыркүйекте Катонқарағай ауданының Өрнек ауылында туған. Әкесі майданға кеткеннен кейін Фрунзе Елғазыұлы бесінші сыныпта оқуын тоқтатып, Майемер ауылындағы шахтаға жұмысқа орналасады. Курьер болып жұмыс істеп, кен басқармасының орталық кассасына таза алтын тапсырып, қайтар жолда Қызыл Армия жауынгерлері мен майданнан оралған майдангерлердің отбасыларына жәрдемақы жеткізіп отырды.
Оның тылдағы еңбегі «За доблестный и самоотверженный труд в период Великой Отечественной войны 1941–1945 гг.» медалімен марапатталды.
1952 жылдан Фрунзе Елғазыұлы математика пәнінің мұғалімі, Большенарым аудандық комсомол комитетінің бірінші хатшысы, Ленин атындағы колхоз төрағасының орынбасары қызметтерін атқарды.
1968 жылдан бастап Самар ауданындағы Жамбыл атындағы колхозды басқарды. 1973 жылы Самар аудандық партия комитетінің екінші хатшысы, кейін Күршім аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы болып сайланды. 1985 жылы облыстық халықтық бақылау комитетіне ауыстырылды.
Жақсылықов Фрунзе Елғазыұлы Катонқарағай, Күршім аудандарының Құрметті азаматы.
Ф. Е. Жақсылықов сіңірген еңбегі үшін келесідегі:
Еңбек Қызыл Ту ордені, «Тың және тыңайған жерлерді игергені үшін», «Еңбек Ерлігі үшін» медальдарымен және мерейтойлық медальдарымен марапатталды.
