«Ардагерлер ұйымы» РҚБ ШҚО филиалының пленумы

2025 жылдың 19 желтоқсанында «Ардагерлер ұйымы» РҚБ Шығыс Қазақстан облыстық филиалының пленумы өтті.
Пленумға Шығыс Қазақстан облысының әкімі Н.А.Сақтағанов, әкім орынбасары Нурғалиев Е.Ж., басқарламалардың басшылары қатысты.
Пленум «Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» Жолдауын іске асырудағы облыстық ардагерлер ұйымдарының рөлі туралы; Қарт адамдардың өмір сапасын жақсартуда Белсенді ұзақ өмір сүру орталықтарының жұмысы туралы; Шығыс Қазақстан облыстық ардагерлер кеңесінің кезекті конференциясына өкімдік нормасын бекіту және басқа да бірнеше мәселелерді қарады.
Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша «Ардагерлер ұйымы» РҚБ ШҚО филиалының төрағасы А. Шерубаев баяндама жасады.
Күн тәртібіндегі мәселелерді талқылауда Шемонаиха аудандық ардагерлер кеңесінің төрайымы С.И.Лычагина, Глубокое аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы А.М. Забиров, Өскемен қалалық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары С.А.Ақанов сөз сөйледі.
Облыс әкімі Н.А.Сақтағанов қорытынды сөз сөйлеп, облыстағы ардагерлер ұйымдарының бүгінгі таңдағы атқарып отырған жұмыстарын бағалай келе аға буын өкілдерінің бай өмір тәжірибесі, ақыл-кеңесі жас ұрпақ үшін аса маңызды екендігін атап өтті.
Қаралған мәселелер бойынша пленум тиісті қаулы қабылдады.
Пленумда бірқатар ардагерлерге белсенді өмірлік ұстанымы мен облыстық ардагерлер қозғалысының дамуына қосқан үлесі үшін марапаттар тапсырылды.