22 қаңтарда Ұлан ауданының Қ.Қайсенов кентінің Мәрсеков атындағы орта мектебінде "Заң және тәртіп" тақырыбында 8 - сынып оқушыларымен кездесу өткізілді. Кездесуге Ұлан ауданының ардагерлер кеңесінің төрағасы А.Е. Бакимбаев, Ұлан медиация орталығының директоры Т. З.Танекенева , Желтоқсан оқиғасына қатысушылар Қ.Қ.Байгундинов, Б.С.Ақылбаев, кәсіби медиатор ұстаз М.М.Кусаинова қатысты. Кездесуге келген 100 ден артық оқушылар зор ықыласпен тыңдап , көптеген сұрақтар қойып, өздері де сұрақтарға жауап беріп , көптеген тәрбиелік мәні бар мысалдар келтірілді. Кездесу барысында осы тақырыпқа сай бейне ролик назарға ұсынылып , кездесу өте қызықты өтті.