19 ақпан күні Тарбағатай ауданы аудандық ардагерлер ұйымының есеп беру-сайлау конференциясы өтті. Аталған іс-шараға аудан әкімінің орынбасары Е. Советбекұлы, Ішкі саясат бөлімінің басшысы Н. Бахтиярұлы, сондай-ақ 16 ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағалары мен мүшелері қатысты.
Конференция барысында ұйым төрағасы төрт жыл ішінде атқарылған жұмыстар бойынша есепті баяндама жасады. Жарыссөзге шыққан ардагерлер атқарылған жұмыстарға қанағаттанарлық деп баға берді.
Күн тәртібіндегі екінші мәселе – облыстық конференцияға делегаттар сайлау болды. Дауыс беру нәтижесінде ардагерлер бірауыздан шешім қабылдап, Тарбағатай ауданынан облыстық деңгейге 3 делегат сайланды.










