20 ақпан күні Үлкен Нарын ауданы ардагерлерінің ll есептік-сайлау конференциясы өтті. Конференцияға 23 делегат ардагерлер, аудан атқару органдарының басшылары, мәслихат төрағасы, "Аманат" партия филиалының төрағасы, қорғаныс бөлімінің төрағасы, аудан бас дәрігері, аудан әкімі аппаратының басшысы қатысты. Аудан ардагерлер кеңесінің төрағасы Калиахметов Е.К. 2021-2025 жылдары атқарған жұмысы туралы баяндама жасады. Конференция делегаттары баяндамаға талқылау жасап атқарған жұмысқа "қанағаттырылған" деп баға берді. Аудандық ардагерлер кеңесі және президиумы жаңадан сайланды. Облыстық конференцияға ауданнан 3 делегат сайланды.