Ардагер Павел Стрехо 23 ақпан күні 100 жасқа толды.
Ұлы Отан соғысының ардагері, 3-дәрежелі «Даңқ» орденінің, 1-дәрежелі «Отан соғысы» орденінің, «Ерлігі үшін» , «Германияны жеңгені үшін», «Кенигсбергті алғаны үшін», «Жапонияны жеңгені үшін», «Жуков» медалдерінің иегері Павел Еремеевич Стрехоның өмір жолы — ерлік пен табандылықтың, Отанға адал қызмет етудің жарқын үлгісі.
Павел Стрехо 1943 жылы небәрі 17 жасында әскерге шақырылған. 1944 жылы 3-ші Белорусс майданына жіберілген.1945 жылы Кенигсберг қаласын азат етуге қатысқан.
Мерейлі 100 жасқа толған ардагерді облыс әкімі Н. А. Сақтағанов, ардагерлер кенесінің төрағасы А. Шерубаев, 27943 әскери бөлімінің жеке құрамы, Қорғаныс істері жөніндегі департаменттің өкілдері арнайы барып құттықтады. Қонақтар ардагерге алғыс білдіріп, зор денсаулық пен ұзақ ғұмыр тіледі.
- Павел Еремеевич Стрехоның ғасырға жуық ғұмыры – ерлік пен өрліктің, Отанға деген шексіз сүйіспеншіліктің айқын дәлелі. Батыр ардагеріміздің ерлігі ешқашан ұмытылмайды, есімі жас ұрпаққа өнеге болып қала береді. 100 жасқа толған мерейтойыңыз құтты болсын! Сізге зор денсаулық пен амандық тілейміз деді облыс әкімі.
Барлық құттықтаушылар ардагерге ерлікке толы өмір жолы үшін ризашылықтарын жеткізіп, оның өнегелі ғұмыры жас ұрпаққа әрдайым үлгі болып қала беретінін атап өтті.









