Бүгін, 2026 жылғы 10 сәуірде, Ардагерлер ұйымы РҚБ Шығыс Қазақстан облыстық филиалының IX есеп беру–сайлау конференциясы ұйымдастырылып, өз жұмысын мазмұнды әрі мағыналы түрде өткізді. Бұл маңызды жиын ардагерлер қауымының бірлігі мен белсенділігін, қоғамдағы орны мен рөлін тағы бір мәрте айқындай түсті.
Конференция жұмысына облыс әкімі Н.А. Сақтағанов қатысып, өңір көлемінде аға буын өкілдері атқарып жүрген жұмыстарға оң бағасын берді. Сонымен қатар, жаңа Халықтық Конституцияны халық арасында түсіндіру жұмыстарына белсенді қатысқан ардагерлер ұйымдарына алғыс білдіріп, жүзеге асырылып жатқан ауқымды жұмыстарға кеңінен тоқталды.
Жиын барысында ұйымның атқарған жұмыстары сараланып, алдағы кезеңге арналған нақты міндеттер белгіленді. Конференция қорытындысы бойынша, делегаттардың қолдауымен облыстық ардагерлер ұйымының төрағасы болып Айтқазы Сейітұлы Шерубаев қайта сайланып, оған үлкен сенім мен жауапкершілік жүктелді.
Осындай тағылымды басқосу ардагерлер ұйымының алдағы жұмыстарына серпін беріп, қоғам игілігі жолындағы қызметін жаңа деңгейге көтеретіні сөзсіз. Ардагерлер қозғалысын дамытуға қосқан үлесі үшін,
аудандарда ардагерлер кеңесін ұзақ жылдар бойы басқарып, ұрпақтар сабақтастығын қамтамасыз етіп, жауапты қызметтерін ізбасарларына ұсынған ардагерлер кенестерінің төрағаларына облыс әкімі Н. А. Сақтағановтын Алғыс хатымен марапаттанып,
шапан киілді.
Есманбек Адайұлы Ақтекенов
Күршім аудандық ардагерлер кеңесін 15 жылдан астам уақыт абыроймен басқарып, өңірдің қоғамдық өміріне елеулі үлес қосты.
Гейгер Элла Яковлевна 15 жыл бойы Алтай ауданының ардагелер кенесінің төрайымы болды.Тұрсынхан Қадылханұлы Молдаханов Зайсан аудандық ардагерлер кеңесін ұзақ жылдар басқарып келді.