Ұлы Отан соғысының ардагері Харин Макар Родионович 100 жылдық мерейтойын атап өтті
Майдангер Харин Макар Родионовичті Шығыс Қазақстан облысының әкімі Н.Сақтағанов, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы А.Шерубаев, әскери қызметшілер, туыстары мен жақындары ғасырлық мерейтойымен құттықтады.
Макар Родионович Харин 1943 жылы 17 жасында әскерге шақырылды.
Ол 52-ші гвардиялық атқыштар дивизиясының 153-ші гвардиялық атқыштар полкінде минаатқыш болып қызмет етті. Ленинград және Балтық жағалауы майдандарында соғысқан. 1944 жылы ауыр жарақат алып, демобилизацияланды.
Майданнан оралғаннан кейін Макар Харин туған ауылында жұмыс істеді, Мал шаруашылығымен айналысты, Содан кейін Шығыс Қазақстан облысының құрылыс комбинатында және газ шаруашылығында жұмыс істеді.
Ерлігі мен жанқиярлығы үшін II дәрежелі Отан соғысы орденімен және «1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы Германияны жеңгені үшін» медалімен марапатталған.
Мерейтой иесін құттықтаған Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов оның өмірінің негізгі кезеңдерін атап өтіп, Жеңіске қосқан үлесі үшін алғыс айтты. Өмірі рухтың, батылдықтың және адами қадір-қасиеттің нағыз үлгісіне айналған адамдар бар. Сіздер өз иықтарыңызда ауыр сынақтарға төтеп бердіңіздер, бейбітшілікті қорғап, болашақ ұрпаққа өмір сүруге, еңбек етуге және өз болашағыңызды құруға мүмкіндік бердіңіздер. Сіздерге ерлік, табандылық, бейбіт аспан үшін рахмет, - деді Нұрымбет Сақтағанов.
Ардагерге қорғаныс министрі Дәурен Қосановтан хат оқылды. Онда ол Макар Родионовичке Жеңіске қосқан үлесі мен ерлігі үшін алғыс айтты.
Шығыс Қазақстан облысының соғыс және еңбек ардагерлері атынан Мақар Харинді облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Айтқазы Шерубаев құттықтады. Сіздердің ерліктеріңізді ешқашан ұмытпаймыз. Сіздің атыңыз - біз үшін мақтаныш, - деді ол.
Соғыстан кейін Макар Харин отбасын құрды. Олар жұбайымен бірге төрт бала тәрбиелеп өсірді. Бүгін қызы Вера мен бір ұлы бар.
Мерейтой күні ардагерге соғыс жылдарындағы әндер орындалды, Өскемен гарнизонының 27943 әскери бөлімінің әскери қызметшілері мен Шығыс Қазақстан техникалық университетінің әскери кафедра студенттері ардагерді салтанатты саппен өтұ арқылы құттықтады.














