Даңқ орденінің толық иегерлері

Даңқ орденінің толық иегерлері

Даңқ ордені – КСРО әскери ордені, КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1943 жылғы 8 қараша айындағы «I, II және III дәрежелі Даңқ ордендерін белгілеу туралы» Жарлығымен белгіленген. Орденмен кіші құрам марапатталған: Қызыл Армияның қатардағы жауынгерлер, сержанттар және старшиналар, ал авиацияда – кіші лейтенант атағы барларда. Жеке еңбек сіңіргендерге ғана берілген, әскери бөлімдер және құрылымдар онымен марапатталмаған.
Даңқ ордені үш дәрежелі, олардың жоғары I дәрежелі ордені – алтын, ал II және III дәрежелі – күміс (II дәрежеліде алтын жалатылған орталық медальон). Бұл белгішілер шайқаста көрсеткен жеке ерлігі үшін берілуі мүмкін, қатаң ретпен – төмен дәрежеден жоғарыға қарай.

22 шығыс қазақстандық Даңқ орденнің толық иелері:

Сержпинский Владимир Валерьянович
(1919 - 18-01-1945)

Владимир Валерьянович Сержпинский 1919 ж. Ростов-на-Дону қ. туған. Семей облысының Ұржар ауданында тұрған. 1941 ж. қараша айында Ұржар аудандық әскери комиссариатымен Қызыл Әскер қатарына шақырылған, сол кезден бастап майданда аттанды. 1944 ж. қаңтар айында кезекті жарақат алып сауыққаннан кейін 90-шы гвардиялық атқыштар дивизиясының 92-ші жеке гвардиялық шолғыншы ротасына келді. 1944 ж. 3 шілдесіне қараған түнінде Полоцк қ. астында (Витебск облысы, Белорусия) гвардия кіші сержант Сержпинский бөлім құрамында болып мотоциклші-автоматшылар тобына шабуыл жасап, гранатамен бірнешесін жойып біреуін тұтқынға алды. 23.07.1944 ж. 3-ші дәрежелі Даңқ орденімен марапатталды (№ 102216). 1944 ж. 5 тамызында Бикшиан елді мекенінің маңында (Литва) Сержпинский жаудың атыс орындарып айқындап, үшеуін тұтқынға алды да, 15-тен аса гитлершілерді жойды. 11.09.1944 ж. 2-ші дәрежелі Даңқ орденімен марапатталды (№ 7509). 1944 ж. 31 тамызына қарайтын түнінде Цбелены елді мекеніне жақын жерде (Литва) гвардия сердант Сержпинский барлаушылар тобымен жаудың тылына жасырын кіріп, ауылға кенеттен басып кірді. Топтың оншама кенет әрекетін күтпеген дұшпан оқ жаудыралмады. Сол ұрыста 30-дан астам гитлершілер мен 3 пулемет орналасқан жерлері жойылды, унтер-офицер тұтқынға алынды. Топта ешқандай қаза болған жоқ. 18.01.1945 ж. соғыста қаза тапты. Клайпеда қаласындағы (Литва) әскери зиратында жерленген. 24.03.1945 ж. 1-ші дәрежелі Даңқ орденімен марапатталған.          

Шығыс Қазақстан облысының қазіргі заман тарихын құжаттандыру орталығы

Ардагерлер тізіміне қайтып оралу