Кеңес Одағының батырлары
Кеңес Одағының батырлары Кеңес Одағының Батыры – жоғары дәрежелі атақ болып табылады, ол ерен ерлік жасап, мемлекет алдында жеке немесе ұжымдық еңбек сіңіргендерге берілген. КСРО Орталық Атқару Комитеті 1934 жылғы 16 сәуірдегі Қаулысымен енгізілген. Кеңес Одағының Батыры туралы Ережені КСРО Орталық Атқару Комитеті 1936 жылдың шілде айында бекіткен. Кеңес Одағының Батыры КСРО ордендерінің қатарында ең жоғары сатыда тұратын Ленин ордені, айырықшылықтың ерекше белгісі – КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1939 жылғы тамыз айындағы Жарлығымен бекітілген «Алтын Жұлдыз» медалі мен КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Грамотасы тапсырылған.
Әр түрлі ұлттар Батырлар бір қатарында тұр. Ұлы Отан соғыс жылдар бойы Кеңес Одағының батыры атағына 60-тан астам ұлт және халық өкілдері ие болды.

Шығыс Қазақстаннан 109 жауынгерлер мен офицерлер Кеңес Одағының батыры атағына ие болды:

Плешков Петр Антонович
(1904 - 1961)

1904 жылы Горький облысы Чернов ауданының Склягино ауылында дүниеге келген. Майданда 1942 жылдың шілде айынан бастап болған. 225-ші гвардиялық атқыштар полкінің командирі, гвардия майоры Плешков 1943 жылдың қыркүйегінде Днепропетровск облысының Домоткань аулы тұсында Днепрден өту кезінде көзге түсті. 3 тәулік бойында полк жаудың контратакасына төтеп беріп, плацдармды 2 километрге кеңейтті. Ленин, Қызыл Ту, Александр Невский, І дәрежелі Отан соғысы, Қызыл Жұлдыз ордендерімен марапатталған. КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1943 жылғы 26-қазандағы Жарлығымен П.А.Плешковқа Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. 1946-1961 жылдары Семей қаласында тұрған. Семей қаласы көшелерінің біріне Батырдың есімі берілген.

Ардагерлер тізіміне қайтып оралу