Кеңес Одағының батырлары
Кеңес Одағының батырлары Кеңес Одағының Батыры – жоғары дәрежелі атақ болып табылады, ол ерен ерлік жасап, мемлекет алдында жеке немесе ұжымдық еңбек сіңіргендерге берілген. КСРО Орталық Атқару Комитеті 1934 жылғы 16 сәуірдегі Қаулысымен енгізілген. Кеңес Одағының Батыры туралы Ережені КСРО Орталық Атқару Комитеті 1936 жылдың шілде айында бекіткен. Кеңес Одағының Батыры КСРО ордендерінің қатарында ең жоғары сатыда тұратын Ленин ордені, айырықшылықтың ерекше белгісі – КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1939 жылғы тамыз айындағы Жарлығымен бекітілген «Алтын Жұлдыз» медалі мен КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Грамотасы тапсырылған.
Әр түрлі ұлттар Батырлар бір қатарында тұр. Ұлы Отан соғыс жылдар бойы Кеңес Одағының батыры атағына 60-тан астам ұлт және халық өкілдері ие болды.

Шығыс Қазақстаннан 109 жауынгерлер мен офицерлер Кеңес Одағының батыры атағына ие болды:

Бекбосынов Серікқазы
(1925 - 1977)

1925 жылы Семей облысы (қазіргі Шығыс Қазақстан облысы) Абай ауданының Қызылорда ауылында дүниеге келген. Майдан шебінде 1943 жылғы қаңтар айынан бастап болған. 7-ші армияның 99-шы гвардиялық атқыштар дивизиясының құрамында батырлықпен соғысты. Свирь өзенінен өту кезінде ерекше көзге түскен. С.Бекбосынов арасында болған 12 ержүрек жауынгердің батыл іс-қимылдары арқасында Карелия майданының алдына қойылған тапсырма ойдағыдай орындалған болатын. КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1944 жылғы 21-маусымдағы Жарлығымен С.Бекбосыновқа Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Армия қатарынан босағаннан кейін Шығыс Қазақстанға оралды.    

Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік мұрағаты, 753қ., 1т., 4і.; 809қ., 1т., 172і.

Батырдың аты:
- Шемонаиха қ. көше;
- Абай ауданы Қарауыл ауылындағы көше;
- Ұлан ауданы, Қасым Қайсенов кентіндегі Жоғарғы Тайынты ауылындағы көшелер;
- Абай ауданы Архат ауылындағы мектеп.

Кеңес Одағының Батыры, 7-ші армияның 99-шы атқыштар дивизиясының 300-ші атқыштар полкінің атқышы. Карел майданында соғысқан, Венгрия, Австрия, Чехословакияны азат етуге қатысқан. Қызыл Жұлдыз марапатталған.

Ардагерлер тізіміне қайтып оралу