Кеңес Одағының батырлары
Кеңес Одағының батырлары Кеңес Одағының Батыры – жоғары дәрежелі атақ болып табылады, ол ерен ерлік жасап, мемлекет алдында жеке немесе ұжымдық еңбек сіңіргендерге берілген. КСРО Орталық Атқару Комитеті 1934 жылғы 16 сәуірдегі Қаулысымен енгізілген. Кеңес Одағының Батыры туралы Ережені КСРО Орталық Атқару Комитеті 1936 жылдың шілде айында бекіткен. Кеңес Одағының Батыры КСРО ордендерінің қатарында ең жоғары сатыда тұратын Ленин ордені, айырықшылықтың ерекше белгісі – КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1939 жылғы тамыз айындағы Жарлығымен бекітілген «Алтын Жұлдыз» медалі мен КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Грамотасы тапсырылған.
Әр түрлі ұлттар Батырлар бір қатарында тұр. Ұлы Отан соғыс жылдар бойы Кеңес Одағының батыры атағына 60-тан астам ұлт және халық өкілдері ие болды.

Шығыс Қазақстаннан 109 жауынгерлер мен офицерлер Кеңес Одағының батыры атағына ие болды:

Величко Валерий Федорович
(1925 - 1944)

1925 жылы Шығыс Қазақстан облысының Катонқарағай ауылында дүниеге келген.
Майданда 1944 жылдың тамыз айынан бастап болған. 1944 жылғы 18-қыркүйекте Латвия қаласы дебеле қаласының іргесінде болған ұрыста көзге түсті. Аға сержант В.Величко Т-34 танкісінің зеңбірегімен бірнеше жау танктерін жойды. Осы шайқаста ол және оның жауынгер жолдастары қаза тапты, бірақ жауды өткізген жоқ.
КСРО Жоғарғы кеңесі Президиумының 1945 жылғы 24-наурыздағы Жарлығымен В.Ф.Величкоға қаза тапқаннан кейін Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.

Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік мұрағаты, 809қ., 1т., 177і.
«Кеңес Одағының Батырлары – қазақстандықтар» кітабынан, 1 том, Алматы: «Қазақстан» баспасы, 1968 ж.

Ардагерлер тізіміне қайтып оралу