Кеңес Одағының батырлары
Кеңес Одағының батырлары Кеңес Одағының Батыры – жоғары дәрежелі атақ болып табылады, ол ерен ерлік жасап, мемлекет алдында жеке немесе ұжымдық еңбек сіңіргендерге берілген. КСРО Орталық Атқару Комитеті 1934 жылғы 16 сәуірдегі Қаулысымен енгізілген. Кеңес Одағының Батыры туралы Ережені КСРО Орталық Атқару Комитеті 1936 жылдың шілде айында бекіткен. Кеңес Одағының Батыры КСРО ордендерінің қатарында ең жоғары сатыда тұратын Ленин ордені, айырықшылықтың ерекше белгісі – КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1939 жылғы тамыз айындағы Жарлығымен бекітілген «Алтын Жұлдыз» медалі мен КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Грамотасы тапсырылған.
Әр түрлі ұлттар Батырлар бір қатарында тұр. Ұлы Отан соғыс жылдар бойы Кеңес Одағының батыры атағына 60-тан астам ұлт және халық өкілдері ие болды.

Шығыс Қазақстаннан 109 жауынгерлер мен офицерлер Кеңес Одағының батыры атағына ие болды:

Вербицкий Тимофей Сергеевич
(1909 - 1944)

Кавказда дүниеге келген. Балалық шағы мен жастық шағы Шығыс Қазақстан облысы Шемонайха ауданының Камышинка ауылында өткен.
Майдан шебінде 1941 жылғы маусым айынан бастап болған. Воронеж майданында соғысқан. Киевтен солтүстікке таман Днепр өзенінің батыс жағалауында плацдармы кеңейту жолындағы шайқастарда ерекше көзге түскен.
КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1944 жылғы 10-қаңтардағы Жарлығымен Т.С.Вербицкийге Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.
Алған жарақатынан госпитальда қайтыс болған.
Шемонайха қаласы көшелерінің бірі оның есімімен аталады.

Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік мұрағаты, 753қ., 1т., 14і.; 809қ., 1т., 177і.
«Кеңес Одағының Батырлары – қазақстандықтар» кітабынан, 1 том, Алматы: «Қазақстан» баспасы, 1968 ж.

Батырдың есімі Шемонаиха қаласындағы көшеде аталады.

Кеңес Одағының батыры, аға сержант, 1-ші Украина майданының 38-ші армиясының 163-ші атқыштар дивизиясының 759-шы атқыштар полкінің бөлімше командирі.

Ардагерлер тізіміне қайтып оралу