Кеңес Одағының батырлары
Кеңес Одағының батырлары Кеңес Одағының Батыры – жоғары дәрежелі атақ болып табылады, ол ерен ерлік жасап, мемлекет алдында жеке немесе ұжымдық еңбек сіңіргендерге берілген. КСРО Орталық Атқару Комитеті 1934 жылғы 16 сәуірдегі Қаулысымен енгізілген. Кеңес Одағының Батыры туралы Ережені КСРО Орталық Атқару Комитеті 1936 жылдың шілде айында бекіткен. Кеңес Одағының Батыры КСРО ордендерінің қатарында ең жоғары сатыда тұратын Ленин ордені, айырықшылықтың ерекше белгісі – КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1939 жылғы тамыз айындағы Жарлығымен бекітілген «Алтын Жұлдыз» медалі мен КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Грамотасы тапсырылған.
Әр түрлі ұлттар Батырлар бір қатарында тұр. Ұлы Отан соғыс жылдар бойы Кеңес Одағының батыры атағына 60-тан астам ұлт және халық өкілдері ие болды.

Шығыс Қазақстаннан 109 жауынгерлер мен офицерлер Кеңес Одағының батыры атағына ие болды:

Гулькин Иван Тихонович
(1923 - 1943)

1923 жылы Семей облысы (қазіргі Шығыс Қазақстан облысы) Абай ауданының Алексеевка кентінде дүниеге келген.
Майдан шебінде 1942 жылдың мамыр айынан бастап болған. 667-ші шабылдаушы авиаполк ұшқышы, кіші лейтенант Гулькин Ұлы Отан соғысы кезінде 95 жауынгерлік ұшуды жүзеге асырды. Волхов, Калинин, Воронеж және Дала майдандарында ұшақтарды шайқасқа алып шықты.
Қызыл Жұлдыз, Қызыл Ту ордендерімен марапатталған.
КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1944 жылғы 4-ақпандағы Жарлығымен И.Т.Гулькинге Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.
1945 жылдың наурыз айында жауынгерлік тапсырмадан қайтып келе жатқанда қаза тапты.

Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік мұрағаты

Ардагерлер тізіміне қайтып оралу