Кеңес Одағының батырлары
Кеңес Одағының батырлары Кеңес Одағының Батыры – жоғары дәрежелі атақ болып табылады, ол ерен ерлік жасап, мемлекет алдында жеке немесе ұжымдық еңбек сіңіргендерге берілген. КСРО Орталық Атқару Комитеті 1934 жылғы 16 сәуірдегі Қаулысымен енгізілген. Кеңес Одағының Батыры туралы Ережені КСРО Орталық Атқару Комитеті 1936 жылдың шілде айында бекіткен. Кеңес Одағының Батыры КСРО ордендерінің қатарында ең жоғары сатыда тұратын Ленин ордені, айырықшылықтың ерекше белгісі – КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1939 жылғы тамыз айындағы Жарлығымен бекітілген «Алтын Жұлдыз» медалі мен КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Грамотасы тапсырылған.
Әр түрлі ұлттар Батырлар бір қатарында тұр. Ұлы Отан соғыс жылдар бойы Кеңес Одағының батыры атағына 60-тан астам ұлт және халық өкілдері ие болды.

Шығыс Қазақстаннан 109 жауынгерлер мен офицерлер Кеңес Одағының батыры атағына ие болды:

Клиновицкий Клим Тимофеевич
(1922 - 1944)

1924 жылы Шығыс Қазақстан облысы Шемонайха ауданының Мало-Убинка ауылында дүниеге келген.
Майдан шебінде 1943 жылдан бастап болған. 14-ші гвардиялық Мозырь Қызыл тулы атты әскер дивизиясының 52-ші гвардиялық атты әскер полкі 1-ші эскадронының станокты пулеметшілер тобын басқара жүріп, сержант Клиновицкий эскадронның қоршаудан шығуын қамтамасыз етті. 200-ден астам неміс солдаты мен офицерінің көзі жойылды. Өзі ұрыс кезінде қаза тапты.
КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1945 жылғы 24-наурыздағы Жарлығымен К.Т.Клиновицкийге қаза тапқаннан кейін Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.
Оның есімімен Шығыс Қазақстан облысы Мало-Убинка ауылының орталық көшесі аталған.

Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік мұрағаты, 753қ., 1т., 22і.; 809қ., 1т., 181і.

Батырдың есімі Глубокое ауданы Малоубинка ауылындағы көшеге берілген.

Кеңес Одағының Батыры, сержант, 1-ші Белорус майданының 7-ші кавалериялық корпусының 14-ші кавалериялық дивизиясының 52-ші кавалериялық полкінің пулемет есебінің командирі. Ол оңтүстік-батыс, орталық, 1 және 2 Белорус майдандарында соғысқан. Ленин орденімен марапатталған.

Ардагерлер тізіміне қайтып оралу