Ұлы Отан соғысына қатысқандар
Крахмаль Алексей Семенович
(1911 - 1987)

1911 жылы Шығыс Қазақстан облысы Марқақөл ауданының Алексеевка ауылында дүниеге келген.
Майдан шебінде 1941 жылдан бастап болған. Брянск, 2-ші Украин және 1-ші Белорус майдандарында соғысқан. Корсунь-Шевченко шақасына қатысқан. Оның батареясы 1944 жылғы маусымда Колосы, Скачки, Колотовка және Поболово елді мекендерін алуға қатысқан. Жауынгерлік жолын Германияның солтүстігінде аяқтаған.
ІІ дәрежелі Отан соғысы орденімен марапатталған.
КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1944 жылғы 28 – тамыздағы Жарлығымен А.С. Крахмальға Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.

Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік мұрағаты, 753қ., 1т., 28і.; 809қ., 1т., 184і.

Батырдың есімі Күршім ауданы Теректі ауылындағы көшеге берілген.

Кеңес Одағының Батыры, лейтенант, 1-ші Белорус майданының 48-ші армиясының 29-шы атқыштар корпусының 713-ші өздігінен жүретін артиллериялық полкінің батарея командирі. Гомель облысын азат ету кезінде, Днепрді азат етуде ерекше көзге түсті. Ленин, І және ІІ дәрежелі Отан соғысы ордендерімен, "Алтын Жұлдыз" медалімен марапатталған.

Ардагерлер тізіміне қайтып оралу