Ұлы Отан соғысына қатысқандар
Малдыбаев Оралбек Бейсембайұлы
(1922 - 2010)

1922 жылы 10 сәуірде ШҚО Самар ауданының Көк Жота ауылында шаруа-жалшы отбасында дүниеге келді.
1941 жылдың желтоқсан айында О.Б.Малдыбаев өз еркімен майданға аттанып Орловск-Курск бағыты бойынша Брянск майданына жіберілді. Кеудеден ауыр жарақат алғаннан кейін әскери қызмет атқаруға жарамсыз деп танылып Кеңес Әскер қатарынан қайтарылды.
1943 жылдың қыркүйек айында үйге оралып, ШҚоблыстық халық білім бөлімімен Самар ауданының Бастауыш орта мектебінің директор қызметіне жіберілді.
О.Б.Малдыбаев 40 жылдан аса ШҚО сайланбалы комсомолдық, кәсіподақтық және партиялық жұмыстарда жұмыс істеді (1959 ж. – Тарбағатай аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы), 1969 ж. бастап – ШҚоблыстық мәдениет басқармасының бастығы.

Шығывс Қазақстан облысының мемлекеттік мұрағаты, 86 қ. (жеке текті қоры)

Ардагерлер тізіміне қайтып оралу