Ұлы Отан соғысына қатысқандар
Мусин Менғали Шаймарданұлы
(1927 - 2011)

1927 жылы 28 тамыз айында Шығыс Қазақстан облысы Катон-Қарағай ауданы Нұғуманов ауылында дүниеге келді.
Он төрт жасында үш тілде өлеңдер жаза бастады – қазақ, татар және орыс. «Жамбыл» поэмасы қазақ тілінде жазылып, 1944 жылдың жазында «Социалистік Қазақстан» газетіне жіберілді. Газет редакциясы, Жамбылдың әдеби хатшысы, Г. Орманов арқылы ақынның өзін поэмамен таныстырды. Содан кейін Менғали Шаймарданұлы Алматыға поэманы аяқтау үшін және Жамбылмен кездесуге шақырылды. Бірақ кездесу өтпей қалды – автор майданға аттанып кетті.
1944 жылдың желтоқсан айында М. Мусин 17 жасында Қызыл Әскер қатарына шақырылды. Оқу орыннан, Шығыс-пруссия стратегиялық операциясында, Кенигсбергке шабуыл жасауда қатысқан, 25-ші дәрежелі Суворов орденінің 63-ші Витебск Қызыл ту орденді атқыштар дивизиясының (226-шы полк) құрамына келіп түсті. Кенигсберг жеңілгеннен кейін, дивизия 5-ші әскер құрамында (5-ші екпіндімен шатарстырмаңдар) Приморский өлкесіне жіберіліп 1-ші Қиыр шығыс майданның құрамына енді. Маньчжурия мен Солтүстік Корея аумағындағы Жапонияға қарсы әскери операцияларында қатысты. Соғыстан кейін, Пхеньян қаласында орналасқан 2-ші әскерінің қарсы барлау («Смерш») басқармасының жеке бөлімшесінде борышын өтеді. Запасқа 1951 жылы шығарылды. Көпдеген марапаттары бар.
Запасқа шықаннан кейін, 1951 жылдан бастап 1953 жылға дейін Солонов орта мектебінің қазақ тілі мұғалімі болып, Жұлдыз орта мектебінің орыс тілі мұғалімі болып, Үлкен Нарын аудандық мәдениет бөлімінің меңгерушісі болып жұмыс істеді.
Одан кейін аудандық және облыстық газеттерінде қызмет атқарды, М. Мусин «Ізденіс түбі игілік», «Түнекте тұншыққандар» кітаптарының авторы - «Унесенные в небытие»- қазақ және орыс тілінде саяси құғын-сүргін құрбандары туралы кітап, очерктерде, сүреттемелерде, повестьтерде 20-шы-50-ші жылдарда жаппай саяси құғын-сүргіннің құрбандары болған адамдардың қайғылы тағдырлары жазылған, «Почтовый ящик», «15-й номер...» - Свинчатка кен орны туралы, ол туралы аға ұрпақ кісілері де аз білген, «Волга впадает в Иртыш» - бір жарым ғасыр бұрын Ертістің жоғарғы жағын мекендеген Поволжье татарлары туралы роман және т.т.

Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік мұрағаты, 1276 қ. (жеке текті қоры)

Ардагерлер тізіміне қайтып оралу