Ұлы Отан соғысына қатысқандар
Бексеитов Елубай
(1912 - 1944)

Зайсан ауданы Айнабулақ ауылында дүниеге келген. Соғысқа дейін Зайсан аудандық партия комитетінде нұсқаушы болып қызмет істеп, өз еркімен сұранып 1942 жылы майданға аттанған. 2-Белоруссия майданының 1283 атқыштар полкінің құрамында Польша мен Чехославакияны азат етуге қатысқан. Капитан шеніне дейін көтерілген. Прага үшін қанды шайқастардағы ерлігі үшін «Александр Невский» орденімен наградталды. Польшаны азат ету кезінде Шецин аймағында Жемилавец елді мекенінде 9 сәуір 1945 жылғы шайқаста қаза тапқан. Бексейтов Елубайдың майданнан отбасына жазған хаттарынан туған жеріне, еліне, отбасына деген сағынышы, Отанға деген сүйіспеншілігі ерекше сезіліп тұр еді. Бексейтов Елубайдың соғыста жазған хаттарын 1989 жылы Москва қаласында Орталық Совет Армиясы үйіне және Поляк Бас Басқармасының Қызыл Крест ұйымына «Последние письма с фронта» атты жинағына кіргізілген. Бексейтов Елубай Польша жерінде жерленген.

 
Шығыс Қазақстан облысы мемлекеттік мұрағатының Зайсан филиалы, 117қ., 6т., 1-22іі

Ардагерлер тізіміне қайтып оралу