Ұлы Отан соғысына қатысқандар
Червинский Михаил Гаврилович
(12-03-1927 - )

Червинский Михаил Гаврилович 1927 жылы 12 наурызда Красноярский край, Хакасск автономия облысы, Бейск ауданы, Табат ауылында дүниеге келген. 1943 жылы 9 сыныпты бітіріп майданға аттанбақшы болады. Бірақ оны Новосібірде эшолонды тоқтатып, көлік мектебіне жібереді. Көлік мектебін аяқтағаннан кейін Абакан қаласында жүргізуші болып жұмыс істейді. 1944 жылы қазан айында әскер қатарына алынып, Дальний Востокқа жіберіледі. Кореяның сібір аймағындағы Сейсин қаласында ұрысқа қатысады. Жапон  басқыншыларынан Кореяның сібір аймағындағы Сейсин мен Гонзан қалаларын азат етуге қатысады. 1951 жылы қазан айында әскерден босатылады. Соғыстан кейін Асқыс ауылында аудандық комсомол комитетінде жұмыс істейді. 1953 жылы кешкі мектепті бітіреді. 1954 жылы партия мектебін бітіреді. 1959 жылдан Қазақстанда тұрады. Қаладағы ұн-жем зауытында цех басшысы болып қызмет етеді. Михаил Гавриловичтің көптеген мақтау, марапаттау белгілері бар.   

Ардагерлер тізіміне қайтып оралу