Ұлы Отан соғысына қатысқандар
Ақшалов Нурмухамбет
(12-03-1922 - )

1922 жылы 12 наурызда Ақшалов Нурмухамбет дүниеге келген. 1934 жылы 4 кластық білім алады. 1935 жылы, тракторист мамандығын игереді. 1935-1937 жылдары   училищеде (СПТУ) оқып бітіріп, «Шегелек» совхозында тракторист болып еңбек етеді. 1941 жылы Көкпекті ауданындағы әскери комиссариаттың шақыртуымен майданға аттанады. Майданда Қазақтың Қаһарман батыры Бауыржан Момышұлының дивизиясында 316 полкте болған. 1943 жылы ұрыста  екі рет  жараланды. 1944 жылдың 26 тамызында аяғының жарамсыздығынан ІІ топтағы мүгедек болып, госпитальден шығып, елге оралады. Елге келген соң кемтарлығына қарамастан, зейнеткерлікке дейін механизатор болып қызмет етеді.    «КСРО қарулы күштеріне 70 жыл», «Ұлы Отан соғысындағы Жеңісіке 50 жыл», Кеңес Одағының Маршылы Г.К.Жуков  медалінің,  «Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 55жыл дығы құрметіне  «1941-1945 жж соғыс ардагері» медалінің, «10 жыл Астана», «Украинаны азат еткен үшін 60 жыл», «Ұлы Отан соғысындағы Жеңісіке  60 жыл», «Ұлы Отан соғысындағы Жеңісіке  65 жыл» медалдарымен  марапатталған. Қазіргі уақытта Көкпекті ауылында тұрады.   Негіздеме: 58-қор,31 тізімдеме

Ардагерлер тізіміне қайтып оралу