Ұлы Отан соғысына қатысқандар
Коробицин Илларион Иванович
(05-05-1924 - )

Коробицин Илларион Иванович 5 мамыр 1924 жылғы ШҚО Катон-Қарағай ауданы Черновая ауылында дүниеге келді. Ұжымдастыру кезінде Чернова ауылындағы Пахомов атындағы колхозда жұмыс істеп бастады. 1942 жылы күзде Қиыр Шығысқа Амур Флотилиясына әскер қатарына шақырылды,   соғысты, 1945 жылы жапон самурайларын талқандауға қатысқан. Әскерден 1947 жылдың күзінде оралды. Соғыстан кейін Амур флотилиясының әскери күзетуінде қызмет етті. Отанына Қазақстанға 1959 жылы оралып, Чернова совхозы құрылыс бригадасының бригадирі болып жұмысқа тұрды. 1960 жылдан бастап Катон-Қарағай райпотребсоюзында штаттағы аңшы болып жұмыс істеді, содан кейін Лениногор орман техникумын бітіріп, Парк ауылында орман күтуші болып жұмыс істеді, Черновая ауылында техник болып істеді, сол жерде құрметті демалысқа шықты. Қазіргі уақытта ШҚО Катонқарағай ауданы Аққайнар ауылында тұрады.

 

28.04.2016 жылы Коро6ицинің өз аузынан жазылынып алынды

Ардагерлер тізіміне қайтып оралу