Ұлы Отан соғысына қатысқандар
Антонов Евгений Александрович
(18-04-1926 - )

Евгений Александрович Антонов, Ұлы Отан соғысының қатысушысы, еңбек ардагері
Евгений Александрович Антонов 1926 жылы 18 сәуірде Алтай өлкесінің Змеиногорск қаласында дүниеге келген. Онда ол өзінің жастық шығын өткізді.17 жасында майданға алынды. Ол төрт айлық авиашкола курстарын өтіп Черногорск қаласы Хакассия (Красноярск өлкесі) авиамеханик болды. Оның жұмысы өте жауапты және қауіпті, ол авианаряттардың жарамдылығын сынады. Соғыстан кейін Евгений Александрович жоғары білім алдып, Белоусовкадағы геологиялық партиясында бас инженер болды. Қазіргі уақытта Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданы Белоусовка ауылында тұрады. Үкіметтік наградалары бар: медаль "Праганы азат еткені үшін", "Берлинді алғаны үшін", "Германияны жеңгені үшін", мерейтойлық медальдар.

Ардагерлер тізіміне қайтып оралу