Ұлы Отан соғысына қатысқандар
Ақатаев Тоқтарбай
(10-03-1925 - )

Ақатаев Тоқтарбай – 10 наурыз 1925 жылы бұрынғы Талдықорған облысы, Рыбачье ауылында дүниеге келген. Өз уақытында 7 класстық білім алып, 1942 жылдың қантар айында әскер қатарына алынды. Сол жылы 3 айлық дайындық курсында оқып, ІІ Беларусь шебіне майданға аттанды. Майданда техникалармен жабдықталған әскер қатарында болып, белсенді шабуылдың негізінде Германияның Кузберг қаласына дейін барған. Сұрапыл жылдары көрсеткен ерліктері үшін «Германияны жеңгені үшін», «Кенигсбергті азат еткені үшін», ІІ дәрежелі «Отан соғысы», «Маршал Жуков» медальдары және басқа да мерекелік медальдармен марапатталған. Соғыс аяқталғаннан кейін 1959 жылы туған ауылы Рыбачьеға оралып, балық шаруашылығында жұмыс істеген. Аудандық ардагерлер Кеңесінің мұшісі. Қазіргі таңда Мақаншы ауылында тұрады.

Ардагерлер тізіміне қайтып оралу