Ұлы Отан соғысына қатысқандар
Кондратьев Иван Яковлевич
(01-05-1925 - )

Иван Яковлевич Кондратьев, Ұлы Отан соғысының мүгедегі, еңбек ардагері  

Иван Яковлевич Кондратьев 1925 жылы 1-ші мамырда Бухтырма ауданы Зырян қаласы Гусиная ауылында дүниеге келген. Ол небәрі 8 сынап ғана бітірген. Кейін училищеге түсті, бірақ отбасылық жағдайымен оқудан шығып колхозда жұмыс істеуге мәжбүр болды. 1943 жылдың қаңтар айында әскерге шақырылып, жауынгерлік қимылдарға қатысқан. 1944 жылдың басында аяғын қатты жаралаған еді. Содан кейін оны Вильен жалпы жаяу әскер училищесіне жіберілген. Аяқтағаннан кейін Красноярск өлкесінің Дудинка қаласына көшіп онда 11 жыл тұрды. Иван Яковлевич 1961 жылы Шығыс Қазахстан облысына оралып, алдымен Верберезовкадағы геологиялық барлау партиясында жұмыс істеді, кейін Ертіс полеметалл комбинатында жұмыс істеді. Соңғы жылдары Предгорное ауылында май зауытында механик болып, гараж меңгерушісі болып жұмыс істеді. Иван Яковлевия өте белсенді адам, 10 жыл бойы аудандық сотының халықтық сот заседателі болып сайланған, 15 жыл Предгорное ауылының соғыс және еңбек ардагерлерін басқарды. Қазірге уақытта Шығыс Қазахстан облысы Глубокое ауданы Предгорное ауылында тұрады. Үкіметтік наградалары бар: 2-ші дәрежелі Отан соғысы ордені, "Германияны жеңгені үшін", мерейтойлық медальі.

Ардагерлер тізіміне қайтып оралу