Ұлы Отан соғысына қатысқандар
Гольцов Анатолий Тихонович
(1919 - 1985)

1939 жылы Қазақ геологиялық-геодезиялық техникумының (қазіргі Семей қ. геологиялық барлау колледжі) аэрофототопографиялық бөлімін бітірді. 1939 жылдың қараша айында Қызыл Әскер қатарына шақырылды. Ұлы Отан соғысының бастала салысы менол танкіге қарсы артиллерияның батарея командирі профилі бойынша запастағы офицерлерді Таллин аудан аралыққайта даярлау курстарына жіберілді. 1941 жылдың тамызынан 1942 жылдың қарашасына дейін Карел майданының топографиялық взводының командирі, 1942 жылдың қарашасынан 1945 жылдың қарашасына дейін 23-гвардиялық атқыштар Дновск-Берлин Қызыл Ту Дивизиясының 49-гвардиялық  артиллериялық полкінің 2-ші дивизионының бастығы, дивизион командирі, кейін 1947 жылдың қаңтарына дейін 1-ші Белорус майданының дивизионының штаб бастығы болды. Ұлы Отан соғысында көрсеткен ерлігі мен батырлығы үшін А.Т.Гольцов «Қызыл Жұлдыз», «1 және 2 дәрежелі Отансоғысы ордендерімен, «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін», «Берлинді алғаны үшін», «Варшаваны азатеткені үшін», «В.И.Лениннің туғанына 100 жыл толуына орай Ерен енбегі үшін», «Еңбек ардагері» медальдарымен марапатталған. Соғыстан кейін Семей облысы бойынша мектепке дейінгі тәрбие секторының меңгерушісі, кадр және арнайы жұмыс жөніндегі инспектор, Семей Жас техниктер станциясының меңгерушісі, Семей облысы статистика басқармасы бастығының орынбасары болып жұмыс істеді.

Ардагерлер тізіміне қайтып оралу