Ұлы Отан соғысына қатысқандар

Ескендіров Қайсабек
(1908 - 1976)
Шығыс Қазақстан облысы, Күршім ауданы Топтерек елді мекенінде дүниеге келген. Чердояқ руднигінде еңбек еткен. 1942 жылы 20 наурызда Күршім аудандық әскери комиссариатты әскерге шақырып, майданға аттанады. Майдангер 192-саперлер дивизиясының 427-саперлер полқының құрамында, Сталинград шайқасында, 1-Украина, Белоруссия, Дон (Орталық) майдандарынды шайқаста болған. 1943 жылы Днепропетровск қаласын азат етуге қатысқан Белоруссия жерінде азат еткен шайқаста ауыр жараланып, бір аяғынан айырылды. Ескендіров Қайсабек 2 топтағы мүгедек болды.
Марапаттар: III -дәрежелі Даңқ Ордені
(ҚМОМ, 35а-шкаф, 15-жәшік, Мәскеу қаласының мұрағаты)