Кеңес Одағының батырлары
Кеңес Одағының батырлары Кеңес Одағының Батыры – жоғары дәрежелі атақ болып табылады, ол ерен ерлік жасап, мемлекет алдында жеке немесе ұжымдық еңбек сіңіргендерге берілген. КСРО Орталық Атқару Комитеті 1934 жылғы 16 сәуірдегі Қаулысымен енгізілген. Кеңес Одағының Батыры туралы Ережені КСРО Орталық Атқару Комитеті 1936 жылдың шілде айында бекіткен. Кеңес Одағының Батыры КСРО ордендерінің қатарында ең жоғары сатыда тұратын Ленин ордені, айырықшылықтың ерекше белгісі – КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1939 жылғы тамыз айындағы Жарлығымен бекітілген «Алтын Жұлдыз» медалі мен КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Грамотасы тапсырылған.
Әр түрлі ұлттар Батырлар бір қатарында тұр. Ұлы Отан соғыс жылдар бойы Кеңес Одағының батыры атағына 60-тан астам ұлт және халық өкілдері ие болды.

Шығыс Қазақстаннан 109 жауынгерлер мен офицерлер Кеңес Одағының батыры атағына ие болды:

Астафьев Иван Михайлович
(1922 - 1945)

1922 жылы Шығыс Қазақстан облысының Усть-Таловка ауылында дүниеге келген.
1941 жылдың желтоқсан айынан бастап майданда болды. Батыс жәнеI-ші Белорус майдандарында пулеметші, танктің және өздігінен жүретін «СУ-85» қондырғысының механик-жүргізушісі болып неміс-фашист басқыншыларына қарсы соғысты.
Қызыл Жұлдыз орденімен марапатталған.
КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1945 жылғы 27 ақпандағы Жарлығымен И.М.Астафьевке Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.
Неміс қаласы Воленді алу кезінде қаза тапты. Усть-Таловка мектебіне, Шығыс Қазақстан облысының қалалары мен ауылдарындағы көшелер мен саябақтарға оның есімі берілді.
 

Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік мұрағаты, 753қ., 1т., 2і.; 809 қ.,1т., 171і.
«Кеңес Одағының Батырлары – қазақстандықтар»  кітабынан, 1 том, Алматы: «Қазақстан» баспасы, 1968 ж.

Батырдың аты:
- Өскемен қаласы көшесі;
- Шемонаиха қ. көшесі;
- Шемонаиха ауданы Усть-Таловка ауылындағы мектеп.

369-шы Люблин полкінің СУ-85 өздігінен жүретін артиллериялық қондырғысының аға сержанты, механик-жүргізушісі. Батыс, 1-ші Белорус майдандарында соғысқан.
Ленин, Қызыл Жұлдыз ордендерімен марапатталған.

Ардагерлер тізіміне қайтып оралу