Ұрпақтар сабақтастығы – аға буыннан кейінгі ұрпаққа өмірлік тәжірибе, салт-дәстүр мен білімнің үздіксіз берілуін білдіретін уақыттар арасындағы рухани байланыс.
Жас ұрпаққа тәлімді тәрбие беру ісінде, халқымыздың ертеден жалғасып келе жатқан ұлттық құндылықтарымызды насихаттап, дәріптеп, кейінгі ұрпақтың ойына да, бойына сіңіруде ардагерлердің атқарар шаруалары аз емес
Әкелер күніне орай ұйымдастырылған іс-шараға облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы А. Шерубаев, «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының жүлдегерлері Сембаевтар отбасы, сондай-ақ креативті индустрия өкілі Д. Дәуренов қатысты.